Елнұр Бейсенбаев: Түбегейлі саяси реформалар мемлекет дамуының жаңа кезеңін айқындап отыр

Бүгін, 14:11 / Дана Ізтілеуова
Ақорда

Астанада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті. Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев парламенттік реформа аясында жүзеге асырылатын конституциялық өзгерістердің ауқымды екенін мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Өзіңіз бастаған еліміздегі түбегейлі саяси реформалар мемлекет дамуының жаңа кезеңін айқындап отыр. Бұл реформалар қоғамның сұранысына, уақыт талабына және елдің ұзақмерзімді стратегиялық мүдделеріне толық жауап береді. Осы ретте Парламент жұмыс тобының әрбір кәсіби мүшесі жұмыс барысында келелі пікір, нақты өзгерістер мен қажетті ұсыныстар бергенін жеткізгіміз келеді. Жұмыс барысында ашық әрі қызу талқылаулар көптеп болды. Ең алдымен, саяси партияның өкілі ретінде сіздің бір Палаталы парламентті тек партиялық тізім арқылы сайлау жөніндегі ұстанымыңызды толық әрі ашық қолдаймыз. Бұл көзқарас Парламенттік реформаның мәні мен логикасына толық сай келеді. Аталған бастама еліміздегі классикалық партиялық жүйенің қалыптасуына нақты серпін беріп, саяси партиялардың мемлекеттік басқару жүйесіндегі рөлін салалық тұрғыда күштейтетін болады. Осындай партиялық негізде қалыптасқан бір Палаталы парламент заң шығарушы биліктің ықпалын арттырып, оның саяси жауапкершілігін күшейтуге және мемлекеттік саясаттың жүйелілігін қамтамасыз етуге толық мүмкіндік береді», – дейді Елнұр Бейсенбаев.

Тэгтер:

Елнұр Бейсенбаев Реформа Парлмаменттік реформа