Алматы облысында 32 жастағы әйел бір айдан бері табылмай жатыр

Бүгін, 12:58 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

Алматы облысында жоғалған 32 жастағы Асель Тахированы волонтерлер бір айдан астам уақыт бойы іздеп жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қолда бар мәліметке сәйкес, 2025 жылғы 2 желтоқсанда сағат 15:00 шамасында Асель Талғар ауданының Тұздыбастау ауылында орналасқан «Үлкен отбасы» бауырластық күтім үйінен шығып кеткен. Содан бері оның қайда екені белгісіз.

Жоғалған адамның белгілері:
бойы – 160–165 см,
дене бітімі орташа,
шашы қара, ұзын,
айқын қылилығы бар,
қолдарында кесілген жарақаттардың тыртықтары бар,
бел тұсында иероглиф бейнеленген татуировкасы бар.

Киімі:
қызыл бас киім,
ұзын қара күрте,
көк джинсы,
жасыл етік.

Асельдің бағдарынан жаңылысқаны және психикалық дертпен ауыратыны хабарланды. Осыған байланысты волонтерлер іздеу жұмыстарына бейжай қарамауды және барынша мұқият болуды сұрайды.