Кирилл Герасименко Омандағы турнирде ел намысын қорғайды

Бүгін, 12:36 / Інжу Әлихан
Оlympic.kz

19-24 қаңтар аралығында Оманда үстел теннисінен WTT Contender Muscat турнирі өтеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазақстан атынан Кирилл Герасименко, Ескендір Харки, Сарвиноз Миркадирова өнер көрсетеді.

Кездесуге қатысатын спортшылардың қатарында: Лин Шидун (Қытай, әлемдік рейтингте №2), Лян Цзинкунь (Қытай, №7), Бенедикт Дуда (Германия, №13), Дарко Йоргич (Словения, №15), Патрик Франциска (Германия, №20), Антон Келлберг (Швеция, №27), Омар Ассар (Мысыр, №28), Ши Сюньяо (Қытай, №13), Чэн И-Цзин (Қытай Тайбэйі, №21), Цинь Юйсюань (Қытай, №33), Линда Бергстром (Швеция, №43), Маника Батра (Үндістан, №50) бар.