Түрмедегілердің еңбегін тегін пайдаланған лауазымды тұлғалар жауапқа тартылды

Бүгін, 12:26 / Алуа Арман
istockphoto.com

Астана қаласының прокуратурасы қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру кезінде заңдылықтың сақталуына тексеру жүргізді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Тексеру барысында еңбекақының уақтылы төленбеуі, сотталғандармен жеке еңбек шарттарының дұрыс жасалмауы, сондай-ақ жұмысқа тартылған сотталғандарды еңбек заңнамасында көзделген жұмыс уақыты нормасынан тыс (тәулігіне 12 сағаттан артық) пайдалану деректері анықталды.

Қадағалау актісі бойынша 13 сотталғанға Еңбек кодексінің 108-бабына сәйкес үстеме жұмыс уақыты үшін еңбекақы төленді.

Еңбекақы төлеу талаптарын бұзғаны үшін жауапты лауазымды тұлғалар Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 87-бабы бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Сотталғандардың құқықтарын сақтауға бағытталған қадағалау іс-шаралары жалғасуда.

Тэгтер:

Түрме Сотталушы еңбек сотталған абақты