СҚО-да өртенген үйден 5 жастағы баланың денесі табылды

Бүгін, 11:59 / Інжу Әлихан
112

18 қаңтар күні кешке, сағат 20:40-та Ольшанка ауылындағы Астана көшесінде орналасқан тұрғын үйде өрт шықты. Өртті сөндіру барысында құтқарушылар бес жасар қыз баланың мәйітін тапты. Алдын ала мәлімет бойынша, өрт болған сәтте ата-анасы үйде болмаған, бала жалғыз қалған, деп хабарлайды turkystan.kz.

7152.kz-тің жазуынша, оқиға 19 қаңтарға қараған түні сағат 01:55 шамасында Қызылжар ауданындағы Приишимка ауылында, Береговая көшесінде  болған. Өрт кезінде газ баллоны жарылған.

Оқиға салдарынан 1973 жылы туған ер адам қаза тапты. Ал 1947 жылы туған ер адам Бескөл ауылының орталық аудандық ауруханасына «жанған өнімдермен улану» диагнозымен жеткізілді. Оның жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр.

Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталуда. Аталған фактілер бойынша тексеру шаралары жүргізілуде. Мамандар өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтаудың, әсіресе газ жабдықтарын пайдалану кезінде және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде бақылауды күшейтудің маңыздылығына тағы да назар аударды.