Ұлттық құрылтай: Төрт отырыста көтерілген қандай бастамалар іске асты?

Бүгін, 12:01 / Дана Ізтілеуова
Ақорда

Ертең Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысы Қызылордада өтеді. Бір ғасыр бұрын қазақ елінің астанасы болған бұл қалада ортақ мақсат пен игі істерге жұмылдыратын алаңның өтуі кездейсоқтық емес. 2026 жылы астананы Қызылордаға көшіру туралы тарихи шешімге 100 жыл толады.  

Қазіргі форматтағы алғашқы құрылтай 2022 жылы Ұлытауда ұйымдастырылды. Екінші отырыс түркі әлемінің рухани орталығы саналатын Түркістанда өткізілді. Үшінші алқалы жиын Атырау облысында өтсе, төртінші құрылтай былтыр Бурабай аймағында ұйымдастырылды. Осы ретте аталған ұлтты біріктіріп, бірлікті нығайтатын маңызды төрт отырыста көтерілген бастамаларға тоқталып өтсек.

Ұлытаудағы тұңғыш жиын

2022 жылғы 16 маусымда өткен алғашқы құрылтайдың Ұлытауда өтуі тарихи тұрғыдан маңызды болды. Президент өз сөзінде құрылтайдың мән-маңызына жете тоқталып, не себептен бұл қалада өткізуді ұйғарғанын айтып өтті.

«Құрылтай шақыру – ертеден келе жатқан ата дәстүріміз екенін жақсы білесіздер. Бабаларымыз  маңызды мәселелерді осындай алқалы жиында талқылаған. Халық өзара ақылдаса отырып, бір тоқтамға келген.  Мұндай шешімдер бүкіл елді біріктірген.

Төл тарихымызда ұлт тағдырын шешкен құрылтайлар болған. Оның көбі халқымыз үшін маңызды кезеңде өткізілген. Талас құрылтайынан кейін Алтын Орда дербес мемлекет болды. Қарақұм және Ордабасы құрылтайлары  жұртымызды ел қорғауға ұйыстырды. Орынбордағы бірінші қазақ құрылтайында Алаш партиясы құрылды. Екінші құрылтайда Алаш автономиясы жарияланды. 

Егемендік кезеңінде Дүниежүзі қазақтарының алғашқы құрылтайы өткізілді. Бұл жиында сырттағы қандастарымыз  Атамекенге шақырылды. Ұлы көш Тәуелсіз Қазақстанға бет алды.                

Қазақ құрылтайларының бәрі ел дамуына зор өзгеріс әкелген. «Кеңесшіл ел кемдік көрмейді» деген нақыл сөз содан қалса керек. Біз бабалар жолын ұстанып, Құрылтай шақыру дәстүрін жаңғырттық. Елдігімізді нығайтып, бірлігімізді бекемдейік деп, бүгін бас қосып отырмыз. Ұлттық құрылтайдың бірінші отырысын Ұлытауда өткізуге ұйғарым жасалды.  Ұлық ұлыстың бастауында тұрған Жошы хан кесенесінің іргесіне ақ шатыр орнаттық. Мұның зор символдық мәні бар. Елдің бірлігі, ұлттың тұтастығы дегеніміз – осы», – деді Президент.

Ұлт ұясы Ұлытауда бастау алған бұл құрылтайда 25 қазан – Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін беру туралы маңызды шешім қабылданды.

Түркістан – ұлттық үнқатысу алаңы

2023 жылғы 17 маусым күні Түркістан қаласында өткен Ұлттық құрылтайдың екінші отырысы «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» тақырыбына арналды. Аталған құрылтайдан соң бірнеше маңызды заң қабылданды. Атап айтсақ:

Ақ Жайықтағы алқалы жиын

2024 жылғы 15 наурызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Атырауда Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысы өтті. Үшінші отырыстың күн тәртібі қоғамдық топтасу мен жалпыұлттық құндылықтарды дамытудың түрлі мәселелерін қамтыды. Жайық жағасында өткен алқалы жиыннан соң келесідегідей заңдар қабылданды:

Бурабай – елдік пікір алаңы

14 наурыз күні Ақмола облысы, Бурабай баурайында өткен Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында мәдениет пен руханиятқа, қоғамдағы ұлттық тәрбие, жастар саясатына, ақпараттық қауіпсіздіқ мәселелер талқыға салынды. Аталған құрылтайдан соң мемлекеттің даму бағытына қатысты келесідегідей маңызды заңдар қабылданды:

Құрылтай бастамаларын іске асыру аясында 26 заң қабылданды. Ал 10 заң жобасы бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Олар:

  1. Үкіметтік емес ұйымдар туралы заңнаманы жетілдіру;
  2. Психологтар мен коучтардың қызметін ретке келтіруге арналған заңнамалық шаралар;
  3. «Шекара маңы аумақтары туралы» заң жобасы;
  4. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс өлшемшарттарын жетілдіру туралы түзетулер;
  5. Ғылымды қажет ететін аумақтарды (ғылыми қалашықтар) дамыту мәселелері туралы заң жобасы;
  6. «Мүмкіндігі шектеулі балаларды (тұлғаларды) кешенді қолдау туралы» заң жобасы;
  7. Жазасын өтеп жатқан, оның ішінде жүкті және кәмелетке толмаған балалары бар әйелдердің жағдайларын ізгілендіру туралы түзетулер;
  8. Әлеуметтік желілерде азаматтардың ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлау, кемсіту әрекеттерін тоқтату туралы түзетулер;
  9. Фильмдерді прокатқа дейінгі сараптамадан өткізуге қатысты заңнамалық шаралар;
  10. Ономастика саласындағы түзетулер (ең алдымен атауы жоқ көшелерге және қайталанатын топонимдерге атау беру).

Тэгтер:

Ұлттық құрылтай бастамалар