Қостанайда лицензиясыз жұмыс істеген екі мектептің басшылығына ірі көлемде айыппұл салынды

Қостанайда лицензиясыз жұмыс істеген екі мектептің басшылығына ірі көлемде айыппұл салынды

Қостанайда лицензиясыз жұмыс істеген екі мектептің басшылығына ірі көлемде айыппұл салынды
ашық дереккөзі
Қостанай облысында екі мектеп лицензиясыз жұмыс істеген. Бұл туралы облыстық білім саласын бақылау департаментінің басшысы Орал Қаппасов мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Таран ауданы Смайловск орта мектебінде мүлде лицензия болмаған, ал Қостанай ауданы Алтынсарин орта мектебінде жалпы орта білім беру дәрежесі бойынша лицензияға қосымша болмаған. «Таран аудандық сотының шешімімен Смайловск орта мектебі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп мәлім етті Орал Қаппасов. - Нәтижесінде мектеп 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төледі». Облыстық білім саласын бақылау департаментінің басшысы Орал Қаппасовтың айтуынша, соңғы 5 жылда өңірдегі мектеп саны 10 пайызға қысқарған: 55 бастауыш және орта білім беру мекемесі өз лицензиясының және оның қосымшасының тоқтатылуын өтініп өтініш жазған. 2 мектептің лицензиясы сот шешімімен тоқтатылған. Олар: Федоров ауданы Владыкин ауылы мектебі және Таран ауданы Смайловск орта мектебі.