Атырау, Шығыс Қазақстан, Жетісу облыстарында көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды turkystan.kz.
2026 жылғы 19 қаңтар сағат 10:00-дегі жағдай бойынша ауа райының бұзылуына байланысты 3 облыстағы 3 республикалық маңызы бар автомобиль жолында көлік қозғалысына шектеу қойылды:
Атырау облысы
- «Ақтөбе — Қандыағаш — Доссор — Атырау — РФ шекарасы» автожолының 621-841 шақырымы аралығы (Атырау қаласы — Құрманғазы ауылы).
Шығыс Қазақстан облысы
- «Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын м Катонқарағай – Рахман қайнары» автожолының 7-450 шақырымы аралығында (Ушановское ауылы – Рахман қайнары шипажайы).
Жетісу облысы
- «Үшарал – Достық» автожолының 84-164 шақырым аралығы (Көктұма ауылы – Достық станциясы).
Қазіргі уақытта республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 733 бірлік арнайы техника жұмылдырылды.