Ұлттық құрылтайдың V отырысы Қызылордада өтеді

Бүгін, 09:04 / Алуа Арман
istockphoto.com

Ұлттық құрылтайдың V отырысы 20 қаңтар күні Қызылордада өтеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Президенттің көмекшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібайдың мәліметінше, Сыр бойындағы жиында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйлеп, Қазақстанның келешек даму бағдары мен қоғамдағы өзекті мәселелер туралы ойларын ортаға салады.

Ұлттық құрылтайдың бұған дейінгі отырыстары:

2022 жылы – Ұлытауда;

2023 жылы – Түркістанда;

2024 жылы – Атырауда;

2025 жылы – Бурабайда өтті.

Тэгтер:

Қызылорда Ұлттық құрылтай