Жетісу облысында баласын аяусыз сабаған әйелдің кім екені анықталды (ВИДЕО)

Бүгін, 08:21 / Нұрлан Әлинұр
Видеодан скриншот

Жетісу облысының полицейлері тексеріс жүргізіп, 28 жастағы әйелдің балаға дене жарақатын салғанын анықтады Осылайша іс бойынша қылмыстық іс қозғалған. Әйел бөлімшеге жеткізіліп, уақытша ұстау изоляторына қамалған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ал екі бала мән-жай анықталғанға дейін Отбасын қолдау орталығына орналастырылыпты.

Енді қамқоршылық және қорғаншылық органына ата-ана құқығынан айыру мәселесін қарау туралы ұсыныс жолданбақ.