«Бала көтере алмайсың деді»: Танымал блогер жан сырын ақтарды (ВИДЕО)

Бүгін, 01:17 / Нұрлан Әлинұр
Видеодан скриншот

Танымал стендап жүргізушісі әрі блогер Жансая Мұратбекқызы «Мамский әңгімеде» өміріндегі қиын кезеңдер туралы айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оның айтуынша, бір кезеңде дәрігерлер оған қағаз жүзінде «бесплодие» диагнозын қойған.

«Маған қағаз жүзінде “бесплодие” деген диагноз қойды. Бала көтере алмайды деді. Сол кезде кімге сенейін айтшы дедім. Үйдегілерге не деп айтамыз, қашанғы қашамыз деп жүрдік», — деді ол.

Жансая Мұратбекқызы бұл жағдайды жолдасы Дидармен бірге қалай өткергенін де айтып берді. Оның сөзінше, жары қандай жағдай болса да жанынан табылған.

«Мүмкін айта саламыз осылай қойды деп дедім. Дидар айтты маған: “Баламыз жоқ болса да, мен сенімен бақыттымын, сенімен бірге өмір сүргім келеді. Сен олай ойлама. Қандай жағдай болмасын, мен сені баласыз да сүйе аламын”, — деді. “Давай, менен деп айтайық, Дидар қаралмайды, солай деп айтайық”, — деді. Сөйтіп барынша көңілімді аулады», — деп еске алды блогер.