«Бәрін соттаймыз ба?»: Ләйлә Сұлтанқызы ашуға мінді

Бүгін, 00:05 / Нұрлан Әлинұр
Әлеуметтік желіден

Қоғам белсендісі Ләйлә Сұлтанқызы Шымкентте қызды алып қашып, зорлау дерегіне қатысты пікір білдірді. Ол бұл оқиғаға бір ғана адам емес, тұтас қоғам жауапты екенін атап өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Алып қашуға дәті барған… баласы-ай. Бәрін соттаймыз ба не істейміз? Амал нешік…» — деп жазды ол.

Ләйлә Сұлтанқызы мұндай жағдайға тек қылмыскер емес, оған тосқауыл болмаған орта да кінәлі екенін жеткізді.

Оның айтуынша, тоқтау айтпаған ата-ананың, табалдырыққа жатып қарғыс айтқан үлкендердің, ақыл айтпаған достардың да жауапкершілігі бар.

Сондай-ақ ол қарсылықпен орамал таққан әйелдер мен біреудің қайғысын қуаныш көріп барған жұртты да сынға алды.

«Простыня тексеретіндері есіме түссе, тіпті күйіп кетем», — деп түйіндеді Ләйлә Сұлтанқызы.