Қазгидромет ертең елдің 14 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады.
Шымкент қаласында көктайғақ пен тұман күтіледі.
Ұлытау облысында солтүстік-шығыс, шығыс бағыттағы жел соғады. Түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.
Қарағанды облысының батысы мен шығысында түнде қатты аяз болады, ауа температурасы -35 градусқа дейін төмендейді.
Түркістан облысының таулы аудандарында түнде және таңертең қалың қар жауып, көктайғақ болады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аймақтарында тұман күтіледі. Таулы аудандарда солтүстік-шығыс желі соғып, екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетеді.
Атырау облысының батысында түнде қар жауып, жаяу бұрқасын болады. Облыстың солтүстігі мен оңтүстігінде тұман мен көктайғақ күтіледі.
Алматы облысының солтүстігі мен орталығында түнде қатты аяз болады, ауа температурасы -25 градусқа дейін төмендейді.
Маңғыстау облысында түнде жауын-шашын (негізінен қар) жауып, көктайғақ болады. Облыстың батысы мен оңтүстігінде жаяу бұрқасын, орталығында тұман күтіледі. Шығыстан соғатын желдің екпіні батысы мен оңтүстігінде 15–20 м/с-қа дейін жетеді.
Жамбыл облысының батысында, оңтүстігінде және таулы аудандарында қар жауып, жаяу бұрқасын болады, кей уақыттарда тұман мен көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыс бағыттағы жел облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.
Ақмола облысының солтүстік-батысында күндіз жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып, облыстың батысы мен солтүстігінде екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетеді.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында тұман болады. Түнде облыс аумағында қатты аяз болып, ауа температурасы -40 градусқа дейін төмендейді.
Абай облысында солтүстік-шығыстан оңтүстік-шығысқа ауысатын жел соғады. Түнде және таңертең Аягөз ауданында желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетеді. Облыстың солтүстігі мен орталығында түнде қатты аяз болады, -41 градусқа дейін.
Жетісу облысының таулы аудандарында тұман мен көктайғақ болады. Солтүстік-шығыс желі облыстың шығысында 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Түнде қатты аяз болады — -25…-28 градус.
Ақтөбе облысының оңтүстігі мен орталығында түнде жел шығыстан батысқа ауысып, екпіні 15–18 м/с-қа дейін жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысының батысы мен солтүстігінде күндіз қар жауып, жаяу бұрқасын болады.
Қызылорда облысының оңтүстігінде түнде көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыс бағыттағы жел облыстың орталығы мен шығысында 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.
Бұған дейін демалыс күндері Сібір үстінде қалыптасқан кең антициклон Қазақстанның бірқатар өңірінде аязды ауа райын сақтап тұратыны хабарланған болатын.