Баспанасын су басқандарға өтемақы қашан төленеді?

Баспанасын су басқандарға өтемақы қашан төленеді?

Баспанасын су басқандарға өтемақы қашан төленеді?
ашық дереккөзі
Шенеуніктер су тасқынынан келген шығынның нақты көлемін әлі білмейтіндерін айтты. Олар судың деңгейі басылған соң ғана шығынды есептеуге кіріспек. Бұл туралы КТК арнасы хабарлады. Биыл тасқынның алдын алуға және оның салдарын жою үшін жергілікті бюджеттен 10 миллиард теңге қарастырылған. Бұл қаржы қираған үйлер мен жолдарды қалпына келтіріп, мал-мүліктің орнын толтыруға жұмсалады. Бүгінде Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан  облыстарында мыңнан астам баспана судың астында қалды. Қауіпті аймақ қатарына Шығыс Қазақстан облысы да қосылуы мүмкін. Ал тасқын салдарынан қазір үш өңірде: Қарағанды, Жезқазған, Қостанайда жол жабық. "Су тасқыны салдарынан облыстық жолдарға да зиян келді. Мәселен, Оңтүстік Қазақстан облысында республикалық жолды байланыстырып тұрған көпір құлады. Бірқатар республикалық трассаларда қозғалыс тоқтатылды", - дейді Ішкі істер вице-министрі Юрий Ильин.