Екі облыста көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылды

17 қаңтар, 2026 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Ауа райының қолайсыздығына байланысты 2026 жылғы 17 қаңтар сағат 19:00-ден бастап Ақмола және Абай облыстарындағы бірқатар республикалық маңызы бар автожолдарда жолаушылар тасымалдайтын рейстік автобустар мен дизель отынымен жүретін автокөліктердің қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ақмола облысы

«Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолының 16-200 шақырым аралығы
(Астана қаласынан Павлодар облысының шекарасына дейін).

Абай облысы

Келесі автожол учаскелерінде қозғалыс уақытша тоқтатылады:

«ҚХР шекарасы – Майқапшағай – Зайсан айналма жолы – Қалбатау – Семей – Павлодар – РФ шекарасы» автожолының
587-733, 756-906 шақырымдары (Павлодар облысы шекарасы – Семей – Қалбатау);

Осы автожолдың 1004-1103 шақырымдары (Көкпекті ауылы – ШҚО шекарасы);

«Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» автожолының
778-1013 шақырымдары (Аягөз қаласы – ШҚО шекарасы);

«Өскемен – Семей» автожолының 103-198 шақырымдары (ШҚО шекарасы – Семей);

«Семей – Қайнар» автожолының 8-284 шақырымдары (Семей – «Қарағанды – Аягөз – Тарбағатай – Боғас» жолына дейін);

«Семей – Қайнар» автожолының 2-113 шақырымдары (Семей қаласы – РФ шекарасы);

«Қарағанды – Аягөз – Тарбағатай – Боғас» автожолының 320-941 шақырымдары
(Қарағанды облысы шекарасы – Боғас ауылы).

Жол қозғалысын 2026 жылғы 18 қаңтар сағат 09:00-де қайта ашу жоспарланып отыр.

Жүргізушілерге жолға шығар алдында ауа райы мен жол жағдайын нақтылап алу ұсынылады.