Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі шоқыну мерекесі қарсаңында азаматтарды сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырды.
Биыл мерекеге дайындық аясында еліміздің өңірлерінде қыс мезгілінде жаппай шомылуға арналған 278 ресми орын ұйымдастырылады. Қауіпсіз ойықтардың толық тізімімен жергілікті атқарушы органдар мен ТЖ департаменттерінде танысуға болады.
Жаппай шомылу орындарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін құтқарушы сүңгуірлерді, шұғыл ден қою бригадаларын, полиция қызметкерлерін қоса алғанда, 2934 қызметкер және жергілікті атқарушы органдардың 539 қызметкері кезекшілік етеді. Жедел ден қою үшін 1164 көлік тартылады.
ТЖМ азаматтарды шомылу кезінде мына қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады:
Ойыққа түспес бұрын денсаулығыңыздың оған жарайтынына көз жеткізіңіз.
Созылмалы аурулары мен жүрегінде ақауы бар адамдарға шомылудан бас тарту ұсынылады.
Қауіпсіз шомылу үшін судың температурасы 0 градустан төмен болмауы керек.
Тек арнайы дайындалған және қауіпсіз жерлерде шомылу керек.
Қатты ағындар мен тасты жерлерден аулақ болу.
Жалғыз сүңгуден аулақ болу. Жақын жерде көмектесетін адам болған дұрыс.
Жылы киім мен тайғақ емес аяқ киім киіңіз.
Суға түсер алдында бұлшықеттерді қыздырып, денені суық суға дайындау үшін жылыту керек.
Естке сала кетейік, 2025 жылы жаппай шомылуға 90 мыңнан астам адам қатысты