Тоқаев Қорғаныс вице-министрін қызметінен босатты

17 қаңтар, 2026 / Нұрлан Әлинұр
Фото: gov.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары лауазымынан босатылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Мемлекет басшысының өкімімен Сұлтан Бүркітбайұлы Қамалетдинов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы лауазымынан босатылды, - делінген хабарламада.