Автобус Екатеринбург – Худжанд бағытымен келе жатып, техникалық себептерге байланысты жолда тұрып қалған.
Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданында республикалық маңызы бар "Қостанай – Рудный – Денисовка – Комсомольское – Қарабұтақ" автожолының 89-шақырымында құтқарушылардың жергілікті атқарушы органдармен бірлескен күшімен техникалық ақауы бар автобустың жолаушыларын эвакуациялау жұмыстары жүргізілді.
Құтқарушылардың жедел әрекеттерінің нәтижесінде 46 адам, оның ішінде Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан азаматтары, сондай-аө қазақстандық жүргізуші эвакуацияланып, Т. Жүргенов атындағы ауылдағы жылыту пунктіне жеткізілді.
Зардап шеккендер жоқ. Эвакуацияланғандардың барлығына қажетті көмек көрсетілді.