Астанада көпқабатты үйден өрт шықты

Бүгін, 12:19 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

ТЖМ өрт сөндірушілері елорданың Алматы ауданы Б. Момышұлы даңғылындағы 14 қабатты тұрғын үйдің 10-қабатында орналасқан балконның жануын сөндіруде, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді.

Алғашқы өрт сөндіру жасақтары келгеннен кейін балконның ашық жалынмен жанып жатқаны анықталды.

Газ-түтіннен қорғау қызметінің буыны барлау мен өртті сөндіруде. Оқиға орнында құтқарушылар жоғары дәрежеде жұмыс істеуде.