"Қайрат" клубы Лукас Африкомен ресми түрде келісімшартқа отырғанын жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Екі жақ тараптарының арасындағы келісім 2026 жылдың соңына дейін жарамды.
"Жасы: 30-да. Позициясы: орталық қорғаушы. Бойы: 188 см. Салмағы: 85 келі. Лукас Энрике да Силва Сан-Паулу қаласында дүниеге келген. Кәсіби мансабын 2015 жылы Гуаральюстағы «Фламенго» клубында бастаған. Кейін «Сантос» пен «Лондрина» сынды танымал бразилиялық клубтардың намысын қорғады.
2018 жылы Еуропаға ауысып, Португалия чемпионатында «Маритиму» мен «Эшторил» құрамында бірнеше маусым өнер көрсетті. 2023 жылы Әзірбайжанның «Габала» клубында ойнап, кейін Португалияға оралып, «Фаренсе» клубымен келісімшарт жасасты. Португалияның жоғары дивизионында жалпы 75 матч өткізіп, үш гол соқты.
Бразилиялық қорғаушының соңғы клубы Түркияның Бірінші лигасында өнер көрсететін «Ван Спор» болды. Онда 11 матч өткізді", - делінген ресми хабарламада.