Әлеуметтік желіде Шымкентте жас студент қызды бірнеше мәрте пышақтаған қылмыскерге қатысты қауесет тарады, деп хабарлайды turkystan.kz.
THREADS әлеуметтік желісінде Нұрайды қаскөйлікпен өлтірген Шерхан Аймаханды аты-жөні белгісіз желі қолданушылары белгілі блогер Камила Әділханның күйеуі Мағжан Аймаханның інісі деп топшалады.
"Барлығымыз қылмыскер, Нұрайды қыршыннан қиған Аймахан Шерхан Әлмаханұлы туралы ақпараттар жинайық.Ата-ана, туыстарынан дым хабар, реакция жоқ екен, өзіміз оларға жазайық, өзіміз табайық.Кім не біледі, жазайық! Камиланың күйеуі Мағжан Аймаханның інісі, дегенді оқып қалдым"- деді аты-жөні жасырылған желі қолданушысы.
Сондай-ақ тағы бір желі қолданушысы блогердің отбасылық суретін жүктеген.