Атырау облысында жоғалып кеткен отбасының бір мүшесі Наурыз жайында тағы бір жайт белгілі болды, деп хабарлайды turkystan.kz.
32 жастағы Наурыздың атынан әлеуметтік желілерде оның туыстарынан «оның істеріне араласпауды» сұрағаны жөнінде хабарламалар тарады. Мәтінде төмендегідей жазылған.
«Неге дабыл қағып, арыз жазып жүрсіздер? Онсыз да мәселе жеткілікті. Көмектесе алмасаңыздар, кедергі жасамаңыздар. Ата-анама өзім жауап беремін. Мен үйленгенмін. Маған тыныш өмір сүруге мүмкіндік бермедіңіздер», - делінген мессенджерге жазған хатында.
Наурыздың жақындары бұл хабарламаларды оның өзі жазғанына күмәнданады, оларды бөгде адам жіберуі мүмкін деп есептейді.