Әлеуметтік желіде Маржан Арапбаеваны шашынан сүйреген ер адамның қамауға алынғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Дереккөз бұзақылық жасаған танымал әнші Маржан Арапбаеваның экс жұбайы екенін жазды.
«Дереккөздеріміздің хабарлауынша, 2026 жылғы қаңтардың басында түнде Нұрмұхамбетов Ербол Тілепбекұлы қоғамдық орында балағат сөздер айтып, азаматтық некедегі жұбайы, белгілі әнші @arapbayevamarzhan-ды шашынан сүйреген. Сот шешімімен ол ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 10 тәулікке қамауға алынды», – деп жазылған Egovpress парақшасы жазған ақпаратта.