Ақтөбе облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды turkystan.kz.
«2026 жылғы 16 қаңтар сағат 18:00-де ауа райының бұзылуына байланысты «Ақтөбе – Қандыағаш – Доссор – Атырау – РФ шекарасы (Құрманғазы ө/п)» автожолының 104-181 шақырым аралығындағы учаскесінде (Қандыағаш қаласынан Шұбарқұдық елді мекеніне дейін) жүк және қоғамдық көлік түрлері қозғалысына шектеу қойылады», - делінген «ҚазАвтоЖол» хабарламасында.
Жолды 2025 жылғы 17 желтоқсан сағат 09:00-де ашу жоспарланған.
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.