3 млн теңге алимент төлемеген әке қамауға алынды

Бүгін, 16:25 / Алуа Арман
istockphoto.com

Батыс Қазақстан облысының Бәйтерек ауданының соты алимент төлеуден жалтарған азаматты әкімшілік қамауға алу туралы қаулы шығарды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Борышкер 09.01.2023 жылдан бастап 3 015 447 теңге алимент төлемеген.

Бәйтерек ауданы бойынша биыл алимент төлеуден жалтарғаны үшін 1 борышкердің ісі сот өндірісінде және 1 қылмыстық іс тергеу сатысында.  

Алимент төлеуден жалтарғаны үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодекстің 139-бабымен 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру қылмыстық жауаптылық және Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 669-бабының 1-бөлігімен жеке тұлға үшін әкімшілік жауаптылық 5 АЕК айыппұл немесе 20 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту не 5 тәулікке дейінгі әкімшілік қамаққа алу  көзделген. 

Тэгтер:

алимент Бала әке