Павлодар облысы Ертіс ауданының әкімдігі өрт алдарынан екі баласынан айырылып қалған отбасының туыстары мен жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Әкімдіктің мәліметінше, зардап шеккен отбасыға 3 бөлмелі пәтер беріледі. Қажетті жиһаз, киім-кешек және тұрмыстық керек-жарақтар сатып алынды. Жерлеу рәсімдерін ұйымдастыруға да тиісті көмек көрсетіледі.
Қазір отбасы мүшелерімен психологтар жұмыс жасап жатыр. Өрттің себептері анықталуда.
Еске сала кетейік, бұған дейін Павлодар облысында жеке тұрғын үйде болған өрттен екі бала көз жұмғанын хабарлағанбыз. Өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына 3 минутта жеткен. Өрт сөндірушілер алғашқы минуттардан бастап зардап шеккендерді іздеуге кірісіп, үш баланы құтқарған. Оларды жедел жәрдем бригадасына тапсырған. Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін бір бала өздігінен шығып үлгерген.
Өкінішке қарай, кәмелетке толмаған екі бала ауруханада көз жұмды.