«Торпедо» хоккей клубы Құрлықтық кубокте алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Бүгін, 12:28 / Алуа Арман
olympic.kz

Қазақстандық хоккей клубы Ұлыбританияда өтіп жатқан Құрлықтық кубоктың финалдық кезеңіндегі алғашқы матчта жеңіске жетті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Отандастарымыз алғашқы ойында Дания чемпионы - Хернинг қаласының "Блю Фокс" командасымен кездесті.

Екінші кезеңде қарсылас команда есеп ашқанымен, арада көп ұзамай Андрей Корабейниковтің шәкірттері таразы басын теңестіріп қана қоймай, қатарынан жауапсыз бес шайба соғып, кездесуді 6:2 есебімен өз пайдасына аяқтады.

Топтық кезеңдегі келесі ойында қазақстандық клуб Францияның "Анже Дакс" командасына қарсы мұз айдынына шығады.

Тэгтер:

хоккей жеңіс кубок Торпедо