Қазақстанның інжу-маржаны: Табиғи байлықтар мен киелі орындар

Бүгін, 12:08 / Дана Ізтілеуова

Шығыс Қазақстанды, әдетте, табиғаттың жауһар мекені деп атайды: мұнда асқақ таулар, ұлан-ғайыр дала, марс пейзаждарын еске салатын шөлдер, ну ормандар, көгілдір көлдер мен сарқырамалар, иірімді өзен көп. Табиғаттың бастапқы қалпын сақтаған сұлулығы, жануарлар мен өсімдіктер дүниесінің байлығы, түрлі климаттық белдеулер Қазақстанның шығысына айрықша сипат береді.

Өңірде елдің су ресурстарының 40 пайыз­­дан астамы және орман қоры­ның 38 пайы­зы шоғырланған. Мұнда Батыс Алтай және Марқакөл мемлекеттік табиғи қо­рық­­тары, сондай-ақ Катонқарағай мемле­кет­тік ұлттық табиғи паркі жұмыс істейді.
Шығыс Қазақстан қасиетті тарихи, таби­ғи ескерткіштерімен танымал. Ерекше тар­ты­­лыс күшімен әрі энергетикасымен белгілі Мұз­тау (Белуха) тауы, бояулары қанық әрі Марс­қа ұқсас келбетімен таңғалдырған Қиын-Керіш шатқалы, қола дәуіріне жа­та­тын көне қоныс іздері мен тас об­сер­ва­тория­сы сақталған Ақбауыр археологиялық кеше­ні, XVII ғасырдағы буддистік Аблайкит ғи­ба­датханасының қирандылары ерекше қы­зы­ғушылық тудырады.
Берел және Шілікті қорғандарынан, Еле­ке сазы үстіртінен, Үйғыртау өңірінен та­был­ған б.д.д. IV-III ғасырларға жататын қола жә­не ерте темір дәуірінің археологиялық ол­жалары ежелгі көшпелілер өркениетінің жо­ғары деңгейде дамығанын айғақтайды. Осы деректерге сүйене отырып, ғалымдар қа­зақстандық Алтайды «түркі әлемінің бе­сігі» деп тану жөнінде ғылыми тұжырым жа­сады.

Туризмді дамыту әлеуеті

Шығыс Қазақстан – Қазақстандағы ту­ризм­нің негізгі түрлерінің барлығы дерлік шоғырланған санаулы өңірлердің бірі. Бұл өңір­де экологиялық және табиғи туризм, тау­лы және белсенді маршруттар саяхаты, сауық­тыру мен wellness-демалыс, су және жа­ға­жай туризмі, сондай-ақ мәдени-таным­дық және этнографиялық бағыттар үйле­сім­ді түрде дамуда. Фестивальдер, бүркітшілік дәстүрлері, гастрономиялық шаралар мен спорт­тық іс-шаралар өңірдің туристік кел­бе­тін толықтырып, оны саяхатшылардың әр­түрлі санаты үшін тартымды етеді. 
Шығыс Қазақстан облысымен танысу, әдет­те, өңір орталығы – Өскемен қаласынан бас­талады. Қала әуе, теміржол және авто­мо­биль бағыттарын тоғыстыратын өңірдің не­гіз­гі көлік және логистикалық торабы. Осы жерден туристер Алтай тауларына, Бұқ­тырма су қоймасының жағалауына, Мар­қа­көл көліне және басқа да маңызды табиғи ны­сандарға жол тартады.
Бұқтырма су қоймасының ел туризмін­де алар орны ерекше. Бұл су қоймасы су айнасының ауданы бойынша әлемдегі ең үлкен бестікке кіреді. Ұзын жағалау сызығы, көп­теген шығанағы мен аралы жағажай де­ма­лысын, су туризмін, балық аулауды және от­басылық демалысты дамытуға қолайлы жағдай жасап, жыл сайын жүздеген мың туристі тартады.
Бұған көлік инфрақұрылымының жүйе­лі түрде дамуы да ықпал етуде. Кейінгі жыл­дары өңірде негізгі туристік аумақтарға апа­ратын көлік жолдарын жөндеу бойынша ау­қымды жобалар жүзеге асырылды. Атап айтқанда, Алтай және Самар аудандарындағы Бұқтырма су қоймасының жағалауларына, Мар­қакөл көліне, Қиын-Керіш шатқалына жә­не Зайсан қаласына апаратын жолдар жаң­ғыртылды.
Өңірге қызығушылық туристер арасында артып келе жатқанын статистикалық мәлі­меттерден анық байқаймыз. Шетелдік турис­тердің қызығушылығы артып келеді, олар­дың қатарында Қытай, Ресей, Өзбекстан, Фран­ция, Германия және басқа да Еуропа ел­дері бар. 
Халықаралық бағыттарды дамыту мен инвестиция тартуға «Алтай – ортақ үйіміз» және «Ертіс – достық өзені» жобалары аясындағы іс-шаралар маңызды серпін бере­ді. Ағымдағы жылы Шығыс Қазақстан облы­сы Ресей Федерациясының Алтай өлке­сінен «Алтай – ортақ үйіміз» халықаралық үйлес­тіру кеңесіне төрағалық ету эстафетасын қа­был­дады. Биыл Өскемен қаласында Үлкен Алтай өңірлері Экономикалық кеңесінің III отырысы өтеді. Сонымен қатар бірлескен мә­дени, спорттық және туристік іс-шара­лар­ды өткізу жоспарланған. 

Дамудың басым бағыттары

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев атап өткен­дей, туризм – «бұл экономиканы, мәдениетті, қауіп­сіздікті, бизнесті біріктіретін күрделі сала. Онда кәсіпқойлар жұмыс істеуі керек, ең бастысы – Қазақстанның патриоттары».
Шығыс Қазақстан облысының даму стратегиясында туризм экономикалық өсімнің негізгі драйверлерінің бірі ретінде айқындалған. Катонқарағай , Марқакөл, Зайсан және Алтай өңірлері халықаралық туристік кластерлерді дамыту үшін тірек аумақтар саналады.


Туризмнің кешенді дамуы стратегия­лық құжаттарда бекітілген. Инженер­лік, ком­му­нал­дық және туристік инфрақұры­лымды дамытуға басымдық берілген. Өңірлік турис­тификация картасына 23 туристік ау­мақ ен­гізіліп, онда жайлы әрі қауіпсіз демалыс үшін қажетті жағдайлар кезең-кезеңімен жа­­салуда.
Шығыс Қазақстан облысында туризм өңір­ді дамыту стратегиясында экономика­лық өсудің негізгі драйверлерінің бірі ре­тін­де қарастырылады. Шығыс Қазақстан облы­сы­ның әкімі Нұрымбет Сақтағанов атап өт­кендей: «туризм саласын дамыта отырып, біз экономиканы әртараптандыруды көз­дейміз. Осы бағытта төрт туристік кластерді дамыту жоспарлануда».
Бірінші кластер – сауықтыру және эко­туризм Катонқарағай  және Үлкен Нарын ау­дандарының аумағында қалыптасуда. Мұн­да ерекше қорғалатын табиғи аумақтар­ға жақын орналасқан wellness-қонақүйлер, са­наторий-курорттық кешендер және ерек­ше қорғалатын табиғи аумақтар маңында эко­логиялық қонақүйлер желісін дамыту көзделген. Аудандар дәстүрлі түрде пантомен емдеу және марал өсірумен танымал: Мұнда марал мүйізі негізіндегі емдік ванналар, ра­дон ванналары және кешенді емдеу-қалпына келтіру процедуралары қолданылады. Стра­тегия аясында марал шаруашылықтарын да­мыту, апитерапия мен иппотерапияны кеңі­нен енгізу жоспарланып отыр. Бұл өз ке­зе­гінде аумақты өңірдегі медициналық және wellness-туризмнің жетекші орта­лы­ғы­на айналдыруға мүмкіндік береді.
Екінші кластер – экотуризм және табиғи мұра Зайсан көлі мен Алтайдың биік таулы қазаншұңқырында орналасқан Марқакөл кө­лінің аумақтарын қамтиды. Кластерді да­мыту аясында Марқакөл көлі маңында эт­нос­­­тильде туристік қалашық салу жос­пар­лан­ған. Жоба дәстүрлі сәулет элементтерін, ұлт­тық нақыштарды және жергілікті мате­риал­дарды пайдалануды көздейді. Жалпы алған­да, бұл аумақта экотуризмді дамыту та­би­ғатты ұқыпты пайдалану қағидаттарына не­гізделеді: шағын туристік топтар, эколо­гия­лық соқпақтар және сертификатталған гид­тердің сүйемелдеуі арқылы Алтайдың біре­гей табиғи мұрасын сақтауға мүмкіндік береді.


Үшінші кластер – тау шаңғысы курорт­тары мен экстремалды туризм Риддер қала­сы, сондай-ақ Глубокое және Алтай аудан­дары­ның аумағында қалыптасуда. Қазір бұл ау­мақтарға жақын жерде қысқы демалысты ұна­татын туристер арасында сұранысқа ие төрт тау шаңғысы базасы жұмыс істейді. Ал­да­ғы кезеңде Алтай ауданында тау шаң­ғысы инфрақұрылымын одан әрі дамыту, сон­дай-ақ Риддер қаласының маңында ішкі жә­не халықаралық туристік нарыққа бағыт­тал­ған ірі заманауи тау шаңғысы кешенін салу жоспарланған.
Төртінші «Қала – Таулар – Көлдер» клас­тері Өскемен қаласының базасында дамы­ты­лады. Қала облыс орталығын, Ұлан және Глу­бокое аудандарын бір сағаттық межеде бірік­тіретін туристік кластердің ядросына ай­налады. 
Сонымен қатар Ұлы Дала тарихына, түр­кі әлемінің бесігі саналатын Алтайға ар­нал­ған туристік маршруттарды әзірлеу мәсе­ле­лері де қарастырылуда. Қазір туристер ара­сын­да жергілікті тұрмыс-тіршілікке, салт-дәс­түрлерге, табиғи өнімдерден дайындалған пай­далы тағамдар, қолөнер шеберлік сабақ­тары мен өзге де мәдени-этнографиялық тә­жіри­белерге сұраныс артып келеді. 

Инвестициялар және цифрландыру

Салаға қосымша серпін инвестициялар арқылы берілді. Altay Invest 2025 инвес­тициялық форумы аясында туризмді дамытуға бағытталған жалпы құны шамамен 40 млрд теңге болатын 10 меморандумға қол қойылды. Аталған құжаттар қонақүй ин- ф­ра­құрылымы, wellness-курорттар, туристік ауыл­дар мен сервистік нысандар сала­сын­дағы жобаларды іске асыруды көздейді. Бұл өз кезегінде өңірдің туристік ұсынысын едәуір кеңейтуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар Шығыс Қазақстан облы­сы саланы цифрландыруға ерекше мән беру­де. 2025 жылы VisitEast туристік порталы жаң­ғыртылып, туристік нысандарда QR-навигация, цифрлық сервистер және жасан­ды интеллект элементтері енгізілуде.
Бүгінгі Шығыс Қазақстан – табиғи ланд­шафттардың алуан түрлілігін, сапалы ин- ф­ра­құрылымды және туризмді дамытудың за­манауи бағытын ұстанатын, өзінің бірегей та­биғи және мәдени болмысын сақтай оты­рып, әлемге жаңа келбетімен танылған өңір.
 

Тэгтер:

Шығыс Қазақстан інжу-маржан Қазақстандағы ту­ризм