Қостанай облысының Рудный қаласында қайғылы болды. Қаңырап қалған аула аумағында шыққан өрт салдарынан ер адамның күйіп кеткен мәйіті табылды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт 13 қаңтар күні кешкі уақытта Крылов тұйық көшесіндегі жеке секторда болған.
Өрт туралы хабар 112 жедел қызметінің пультіне түскеннен кейін, оқиға орнына дереу өрт сөндіру бөлімшелері жіберілді.
«Бөлімшелер келген сәтте шаруашылық құрылысы толығымен ашық жалынға оранған болатын. Барлау және өртті сөндіру жұмыстары барысында газ-түтіннен қорғау қызметінің буыны өмір белгілері жоқ, күйіп кеткен ер адамның мәйітін тапты. Алдын ала мәлімет бойынша, қаза тапқан адам — тұрақты мекенжайы жоқ тұлға», — деп хабарлады Қостанай облысы ТЖД өкілдері.
Өрт сөндірілді. Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері мен болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Тиісті тексерулер тағайындалды.
Төтенше жағдайлар департаментінде өрт туралы 112 нөміріне дер кезінде хабарлау оқиғаға жедел әрекет етуге мүмкіндік беретінін және қайғылы салдардың алдын алуға көмектесетінін еске салды.