Ақмола облысында қар құрсауында қалған балықшылар құтқарылды

Бүгін, 08:27 / Нұрлан Әлинұр
ТЖМ

Ақмола облысында қысқы балық аулауға шыққан 6 адам Целиноград ауданының Жарлыкөл көлінен эвакуацияланды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары балықшыларды қар құрсауынан шығарып, жол талғамайтын көлікпен Жалғызқұдық ауылына жеткізді.

Құтқарылғандарға медициналық көмек қажет болмады.