Бүгін бірнеше қалада ауа сапасы нашарлайды

Бүгін, 07:20 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

«Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

«2026 жылғы 16 қаңтарда ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары Көкшетау, Павлодар, Өскемен, Семей, Риддер қалаларында күтіледі», делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.