"Сұп-суық, тоңып қалдым": Желіде Жүрсін Ерманның сөзі талқыға түсті

15 қаңтар, 2026 / Өтей Торғайұлы
Көрнекі сурет ЖИ көмегімен жасалған

Ақын Бауыржан Халиолла әлеуметтік желіде Жүрсін Ерманның еркелігі жайында сөз қозғады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оның бұл жазбасы желі қолданушыларын күлкіге қарық қылған.

"Бұрын Жүкеңе біз еркелеуші едік, енді ол бізге еркелейді... "Пушкин" қонақ үйіне жатқызып кеттім. "Керемет, жып-жылы екен" деп қалған. Түске таман алып кетуге келсем "Мына қонақ үйге Пушкиннің өзінен кейін ешкім жатпаған ба? Сұп-суық, тоңып қалдым" дейді. "Қалай суық? Ең таңдаулы, қымбат қонақ үй еді ғой" деп сұрап жатсам, қызы "Уайымдама, таңда өзі терезе ашқан. Сосын дұрыс жаппай жатып қалған. Саңылаудан аздап жел соққан" дейді. Жұртты күйдіреді, бірақ өзінің терезені дұрыс жаппағанын айтпайды сонда", - деп жазды Бауыржан Халиолла.

Көпшілік Жүрсін Ерманның қағытпа қалжыңын сүйіспеншілікпен қабылдаған.

"Жүкеңе бәрі жарасады", "Жүрсін ағаның ел арасындағы осындай әңгімелері керемет", "Қартайғасын адам солай болады. Еш айыбы жоқ", - деп жазды желідегі жұрт.

Тэгтер:

Жүрсін Ерман