Ақтауда келісімшартпен қызмет ететін әскери қызметші қаза тапты

15 қаңтар, 2026 / Өтей Торғайұлы
ашық дереккөзден

2026 жылғы 14 қаңтарда Ақтау гарнизонында әскери қызметші қайтыс болды. Бұл туралы Құрлық әскерінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Ақтау гарнизонының Оймаша әскери полигонынан бөлімше қайтып келе жатқан кезде жол-көлік оқиғасы орын алды. Қолайсыз ауа райы жағдайында — көктайғақ, көрінудің шектеулі болуы және тәуліктің қараңғы уақытында — КамАЗ автокөлігі келісімшарт бойынша әскери қызметші, кіші сержант Г.-ны қағып кетті. Алған жарақаттарының салдарынан әскери қызметші көз жұмды. Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда», – делінген хабарламада.

Қарулы Күштер қолбасшылығы қаза болған әскери қызметшінің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтады. Оның отбасына қолданыстағы заңнамаға сәйкес қажетті көмек көрсетіледі.

Тэгтер:

Ақтау сарбаз қайтыс болды