Ғалымдар өмірді бірнеше жылға қысқартатын факторды атады

Бүгін, 18:20 / Ербұлан Қайрат
сурет: istockphoto.com

Тәулігіне жеті сағаттан аз ұйықтау адамның өмір сүру ұзақтығына дұрыс тамақтанбау, қимылсыз өмір салты, жалғыздық немесе әлеуметтік-экономикалық жағдайдан да қаттырақ әсер етеді. Бұл туралы ұйқы психологиясы саласындағы маман Эндрю Макхилл Metro басылымына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Зерттеуші әріптестерімен бірге ұйқы ұзақтығы мен өмір сүру мерзімі арасындағы байланысты зерттеген. Нәтижесінде, тұрақты түрде жеткіліксіз ұйықтау денсаулыққа елеулі зиян келтіріп, өмірді бірнеше жылға қысқартуы мүмкін екені анықталған.

«Ұйқының маңызды екенін бұрыннан білетінбіз, енді оның шешуші рөлін нақты дәлелдедік. Мүмкіндік болса, адамдар күніне 7–9 сағат ұйықтауға ұмтылуы керек», – дейді Макхилл.

Оның айтуынша, ұйқы – дұрыс тамақтану мен белсенді өмір салты сияқты негізгі факторлардың бірі.

Маманның сөзінше, көп адам ұзақ уақыт бойы аз ұйықтап, кейін демалыс кезінде оның орнын толтырамын деп ойлайды. Алайда мұндай әдет өмір сүру ұзақтығына нақты кері әсер етіп, бірнеше жылға қысқартуы ықтимал.

Тэгтер:

ғалым фактор