Жұмыста жүріп мүгедек болып қалған азамат 3 млн теңге өтемақы өндіріп алды

Бүгін, 17:33 / Алуа Арман
istockphoto.com

Ақмола облысында слесарь-жөндеуші болып жұмыс істейтін азамат өндірістік жарақат алған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оған бас және мойын тұсындағы сүйек сынуы диагнозы қойылып, үшінші топтағы мүгедектік белгіленген. Осылайша ол 55% еңбекке қабілеттілігін жоғалтқан. Жазатайым оқиғаның толықтай жұмыс берушінің кінәсінен болғаны анықталды.

Сот жәбірленушінің пайдасына жұмыс берушіден 3 млн теңге моральдық зиян өтемақысын өндірді. Ал жоғалтқан жалақы сомасын өндіруден бас тартылды, себебі аннуитеттік сақтандыру шартына сәйкес жұмысшыға 1 млн теңге төленген.

Сонымен қатар, сот еңбек заңнамасының ЖШС тарапынан бұзылғаны туралы мәліметтерді назарға алу және тиісті шаралар қабылдау үшін Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті департаментінің атына жекеше ұйғарым шығарды.

Тэгтер:

жұмысшы өндіріс өтемақы жұмыс беруші