Ақтөбеде сырғанақ тепкен бойжеткен миы шайқалып, ауыр жарақат алған

Бүгін, 16:57 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

Ақтөбеде 23 жастағы қыз “Нұр-Ғасыр” мешіті мен триатлон паркі жанындағы паркте жарақат алды, деп хабарлайды turkystan.kz.

 Диапазон порталының жазуынш, оқиға амфитеатрға ұқсас, сыртынан шағын төбешікке ұқсайтын сахнада болған. Көптеген парк келушілері оны сырғанақ деп есептесе керек.

Көргендер мәлімдегендей, қыз бала төбешіктен сырғанап, тасқа соғылып, есінен танып қалған.

«2002 жылы туған пациент қыз бала ЖМБ №2 қабылдау бөліміне жедел жәрдем бригадасымен жеткізілді. Шақыру себебі – есінен тану. Ми шайқалуы және теріасты гематомасы анықталғандықтан ауруханаға жатқызу ұсынылды», – деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Дегенмен, қыз бала ауруханаға жатқырудан бас тартқан.