Он үш жастағы қазақстандық футболшы Ғабидолла Оразалы Испанияға қарасты Валенсия автономды қауымдастығының жасөспірімдер құрамасына шақырту алды, деп хабарлайды turkystan.kz.
ASnews.kz-тің мәліметінше, Ғабидолла Валенсия U-14 құрамасының сапында алғашқы жаттығуын өткізді. Бұл командаға «Эльчеден» бастап «Вильярреалға» дейінгі жергілікті академиялардың үздік ойыншылары жиналған.
Айта кетейік, Ғабидолла Оразалы испаниялық «Валенсия» клубы сапында 2024 жылдан бері доп теуіп келеді. Биылғы маусымда 15 кездесуде 12 гол соғып, нәтижелі ойынымен көзге түсті.