Доллар қымбаттап жатыр

Бүгін, 15:51 / Алуа Арман
istockphoto.com

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 510,95 теңгені құрап, 0,55 теңгеге өсті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің 15 қаңтарға арналған ресми доллар бағамы — 510,43 теңге.

Kurs.kz сайтының дерегіне сәйкес, қазіргі уақытта Алматы қаласындағы айырбастау пункттерінде доллардың орташа сатып алу бағамы 510,62 теңге, сату бағамы — 512,68 теңге. Астанада айырбастау пункттері долларды орта есеппен 510 теңгеден сатып алып, 517 теңгеден сатуда. Ал Шымкентте долларды орташа есеппен 511,07 теңгеден сатып алып, 513,07 теңгеден сатуда.

Еске салайық, күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 29 желтоқсанда 0,52 теңгеге өсті, 30 желтоқсанда 1,58 теңгеге төмендеді, 31 желтоқсанда 3,02 теңгеге өсті, 5 қаңтарда 5,53 теңгеге өсті, 6 қаңтарда 1,46 теңгеге өсті, 8 қаңтарда 3,19 теңгеге төмендеді, 9 қаңтарда 0,98 теңгеге өсті, 12 қаңтарда 0,24 теңгеге төмендеді, 13 қаңтарда 0,07 теңгеге төмендеді, ал 14 қаңтарда 0,72 теңгеге өсті.

Тэгтер:

Доллар Валюта теңге биржа нарық қор бағам