Сергей Пономарев Президентке ҚХА-ны дамытудың биылғы жоспарын таныстырды

Бүгін, 15:47 / Інжу Әлихан
Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығының төрағасы, депутаты Сергей Пономаревті қабылдады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Пономарев мемлекеттік тілді насихаттаудағы славян ұйымдарының жұмысы туралы баяндады.

Сонымен қатар Қазақстан халқы Ассамблеясын дамытудың 2030 жылға дейінгі «Бірлігіміз – әралуандықта» тұжырымдамасын іске асыру аясындағы Қауымдастықтың биылға арналған жоспарын таныстырды.

Тоқаев этносаралық келісім мен бірлік мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі саналатынын атап өтті.

Тэгтер:

Қазақстан халқы Ассамблеясы