Орал қаласындағы көшеде көлік жүргіузішісі жаяу жүргіншіні қағып кетіп, мерт қылды, деп хабарлайды turkystan.kz.
«15 қаңтар күні сағат 9:23 шамасында Құрманғазы көшесіндегі «Мектепші» сауда үйінің алдында Toyota Camry жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті», - делінген Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті хабарламасында.
Жаяу жүргінші жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өтіп бара жатқан. Алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза болды. Оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр.