Президенттің экономиканы әртараптандыру және ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуді дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде Алматы облысында жалпы инвестиция көлемі $360 млн болатын PepsiCo компаниясының ірі инвестициялық жобасы жүзеге асырылуда, деп хабарлайды turkystan.kz.
Техникалық іске қосылуы 2026 жылдың наурыз айына белгіленген, ауданы 50 мың шаршы метр болатын тұзды тіскебасар тағамдар шығаратын зауыт негізгі нысан болады. Жоба аграрлық секторға мультипликативті әсер етеді: өндірісті шикізатпен қамтамасыз ету үшін отандық фермерлермен 15 келісім жасалды.
2025 жылы инвестицияларды $360 млн-ға дейін екі есеге арттыру туралы шешім қабылданды. Құрылыстың барлық кезеңдерінің аяқталуына қарай 2028 жылы 900-ге жуық жаңа жұмыс орны құрылады. Толық қуатқа шыққан кезде біз жыл сайын 210 мың тоннаға дейін картоп өңдейтін боламыз, — деді PepsiCo компаниясының мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жөніндегі директоры Марғұлан Оспанов.