«Қазақ халқынан кешірім сұраймын»: Түркістанда әкесін ұрып-соққан ер адам сотта жылап жіберді

Бүгін, 12:17 / Алуа Арман
Ғаламтор

Түркістан облысының Жетісай аудандық сотында қарт әкесін жүйелі түрде ұрып-соқты деп айыпталған ер адамға қатысты іс аяқталуға жақын. 15 қаңтарда сотталушы соңғы сөзін сөйледі, деп хабарлайды turkystan.kz.

Tengrinews.kz мәліметінше, сот отырысында сотталушы эмоциясын ұстай алмай, жылап жіберген. Кінәсін толық мойындап, жұртшылықтан кешірім сұраған.

«Баршаңыздан кешірім сұраймын. Бүкіл қазақ халқынан кешірім өтінемін. Істеген ісіме шын жүректен өкінемін. Туыстарымнан кешірім сұраймын. Ашуға беріліп кеттім. Өмір бойы өкінетін боламын. Қателік жібердім. Бүкіл мұсылман халқынан кешірім сұраймын. Мені түсініп, кешірулеріңізді өтінемін. Кінәмді толық мойындаймын», – деген ол.

Тэгтер:

Бала Сот Түркістан облысы келін әке ұл қария ұрып-соғу Жетісай қарт әке