Қостанайда жол жөндеуші компания мемлекетке 35 млн теңге қайтарды

Бүгін, 12:08 / Алуа Арман
istockphoto.com

Қостанай облысының Бейімбет Майлин ауданының прокуратурасы жүргізген талдау аясында аудандық автомобиль жолдарын жөндеу кезінде заңбұзушылықтар анықталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

1,9 млрд теңге сомасына бағаланған 8 жол учаскесі бойынша жасалған шарттарда кепілдік мерзімдерінің болмағаны белгілі болды, бұл мердігерлердің орындалған жұмыстардың сапасына жауапкершілік алмау қаупін туындатқан. Сонымен қатар, құны 720 млн теңге болатын жол учаскесін жөндеу мерзімдерін бұзған мердігерге қатысты шаралар уақытылы қабылданбағаны анықталды.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша анықталған заңбұзушылықтар жойылды: мемлекеттік сатып алу шарттарына қосымша келісімдер жасалып, үш жыл мерзімге кепілдік міндеттемелер енгізілді, сондай-ақ бюджетке 35,6 млн теңге көлемінде айыппұл (тұрақсыздық айыбы) қайтарылды.

Мемлекеттік сатып алулар мен жол жөндеу саласына қадағалау жалғасуда.

Тэгтер:

Қостанай Жол құрылысы жол жөндеу