Көкшетауда 21 жастағы жігіттен ақша бопсалағандар қылмыс үстінде құрықталды

Бүгін, 11:19 / Інжу Әлихан
Ақмола облысы ПД

Ақмола облысында 21 жастағы жігіттен ақша бопсалағандар қылмыс үстінде құрықталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қамауға алу Көкшетау қаласында жүргізілді.

Полиция мәліметінше, белгісіз ер адамдар жас жігіттен 500 мың теңге талап етіп, оның заңсыз әрекеттермен айналысып жатқанын айтқан. Бұл айыптаулар негізсіз болды. Ал ақшаны беруден бас тартқаннан кейін олар жігітті қудалап, физикалық күш қолданамыз деп қорқытқан.

Тергеу кезеңінде күдіктілердің екеуі де ұсталып, қамауға алынды. Олардың біреуі жуырда бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған.

Тэгтер:

Көкшетау