Ақтау қаласында борышкер әкелерден 174 млн теңге алимент өндірілді

15 қаңтар, 2026 / Алуа Арман
istockphoto.com

2025 жылы Ақтау қаласы прокуратурасының бастамасымен алимент алушылардың пайдасына 174 млн астам теңге өндірілді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қабылданған шаралар аясында берешекті өтеу есебінен борышкерлерден бір пәтер және төрт автокөлік құралы тәркіленді. 

Кірістерін жасырып, ата-аналық міндеттерін орындаудан жалтарған 52 борышкер әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 19 борышкерге қатысты қылмыстық іс тіркелді. 

Сонымен қатар прокурорлық қадағалау актілерінің негізінде мемлекет кірісіне 108 млн теңгеден астам қаражат өндірілді, оның ішінде әкімшілік айыппұлдар, мемлекеттік баждар және салықтық берешектер бар. 

Тэгтер:

алимент қарыз Ақтау әке берешек борышкер өндіру