Екі облыста жол жабылды

Бүгін, 11:06 / Алуа Арман
istockphoto.com

Абай облысы мен Шығыс Қазақстанда көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

«ҚазАвтоЖол» мәліметінше, 2026 жылғы 15 қаңтар сағат 11:30-да ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар келесі автожолдарда барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу енгізіледі:

Абай облысы

 - «ҚХР шекарасы – Майқапшағай – Зайсан айналма жолы – Қалбатау – Семей – Павлодар – РФ шекарасы» автожолының 1087-1103 шақырым аралығы (Боғас ауылының бұрылысынан Шығыс Қазақстан облысының шекарасына дейін).

Шығыс Қазақстан облысы

 - ««ҚХР шекарасы – Майқапшағай – Зайсан айналма жолы – Қалбатау – Семей – Павлодар – РФ шекарасы» автожолының 1103-1256 шақырым аралығы (Абай облысының шекарасынан Зайсан қаласына дейін).

 Жолды 2026 жылғы 15 қаңтар сағат 17:00-де ашу жоспарланған.

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады. 

Тэгтер:

автожол тасжол трасса