Астанада екінші ауысым оқушылары қашықтан оқиды

Бүгін, 10:08 / Алуа Арман
istockphoto.com

Метеорологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты 2026 жылғы 15 қаңтарда екінші ауысымда оқитын 0–9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына көшіріледі, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл шешім балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қабылданды. Сабақтар белгіленген мектеп кестесіне сәйкес қашықтан білім беру платформалары арқылы онлайн форматта өткізіледі.

Ата-аналар мен оқушыларға білім беру ұйымдарының әкімшіліктері тарапынан берілетін қосымша ақпарат пен хабарландыруларды қадағалап отыру ұсынылады.

Бұған дейін ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымда оқитын оқушылар да онлайн оқуға ауыстырылған болатын.

Тэгтер:

мектеп оқушы қашықтан оқу сынып қашықтан оқыту