«Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.
2026 жылғы 15 қаңтарда ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары Петропавл, Павлодар, Өскемен, Семей, Риддер, Алматы қалаларында күтіледі, делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.