«Одан ұялмаймын»: Бердібек Сапарбаевтың ұлы өзін «әкесінің баласы» деп атайтындарға жауап берді

Бүгін, 01:39 / Нұрлан Әлинұр
Фото: instagram.com/zhansultan_saparbayev

Белгілі мемлекет және қоғам қайраткері марқұм Бердібек Сапарбаевтың ұлы Жансұлтан Сапарбаев желідегі парақшасында «әкесінің баласы» деген айыптауларға қатысты ойымен бөлісті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ол бала кезінен түрлі атауларға ие болғанын айтып, өзін әкесінің баласы екенін ашық мойындайтынын айтты.

Алайда ол мұны артықшылық емес, үлкен жауапкершілік ретінде қабылдайтынын атап өтті.

Оның айтуынша, басты мәселе кімнің баласы екенінде емес, адам ретінде қандай жолдан өткенінде және өз атына кір келтірмей, дербес тұлға бола алуында.

Жазба желі қолданушылары тарапынан қолдау тауып, түрлі пікірлерге себеп болды.