АҚШ Мемлекеттік департаменті мемлекеттік бюджетке “салмақ түсіруі мүмкін” деп саналатын өтініш берушілермен күрес аясында 75 ел азаматының виза алуға өтініштерін қарауды уақытша тоқтатады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бұл туралы Fox News телеарнасы ведомствоның қызметтік жазбасына сілтеме жасап мәлімдеді.
Fox News иелігіне түскен ішкі құжатқа сәйкес, Мемдепартамент тексеру мен бақылау рәсімдерін қайта бағалап жатқан кезеңде консулдық қызметкерлерге қолданыстағы заңнама негізінде визаны беруден бас тарту туралы нұсқау берілген. Шектеу қолданылатын елдер тізіміне Ресей, Сомали, Ауғанстан, Бразилия, Иран, Ирак, Мысыр, Нигерия, Таиланд, Йемен және басқа да мемлекеттер кірген.
Іnbusiness.kz сайты тізімде Қазақстан да бар екенін жазды.
Өтініштерді өңдеу 21 қаңтардан бастап тоқтатылады. Телеарна мәліметінше, ведомство виза беру тәртібін қайта қарап біткенше, бұл үзіліс белгісіз уақытқа дейін созылады.